«Балапан» тобы
2 жастағы балаларға арналған қазақ тілінде оқытатын кіші топ. Бұл топта балалардың жан-жақты дамуына бағытталған сенсорлық қабылдауды дамыту, құрастыру, ұсақ моториканы жетілдіру, аппликация, мүсіндеу, сурет салу, алғашқы математикалық түсініктерді қалыптастыру, ауызша және байланыстырып сөйлеу тілін дамыту, өзін-өзі тану, қоршаған ортамен танысу, музыка және дене шынықтыру сабақтары жүргізіледі. Сонымен қатар тұрақты медициналық бақылау, ата-аналарға психологиялық және педагогикалық кеңес беру, күніне бес мезгіл теңгерімді тамақтану қамтамасыз етіледі.
Күн тәртібі
| Уақыт | Дүйсенбі | Сейсенбі | Сәрсенбі | Бейсенбі | Жұма |
|---|---|---|---|---|---|
| 9:00–9:15 | Музыка | Математика (ойын арқылы) | Сурет салу | Дене шынықтыру | Экология негіздері |
| 9:30–10:00 | Таңғы ас | Таңғы ас | Таңғы ас | Таңғы ас | Таңғы ас |
| 10:00–11:00 | Серуен | Серуен | Серуен | Серуен | Серуен |
| 11:00–12:00 | Қолөнер | Ертегі оқу | Логопедиялық ойындар | Табиғат бұрышы | Қазақ тілі (ойын арқылы) |
| 12:00–15:00 | Түскі ас және ұйқы | Түскі ас және ұйқы | Түскі ас және ұйқы | Түскі ас және ұйқы | Түскі ас және ұйқы |
| 15:00–15:30 | Түстен кейінгі ас | Түстен кейінгі ас | Түстен кейінгі ас | Түстен кейінгі ас | Түстен кейінгі ас |
| 15:30–16:30 | Қимылды ойындар | Сахналық қойылымдар | Құрастыру | Ән айту | Ертегі кейіпкерлерімен ойын |
| 16:30–18:00 | Еркін ойын және ата-аналарға балаларды тапсыру | Еркін ойын және ата-аналарға балаларды тапсыру | Еркін ойын және ата-аналарға балаларды тапсыру | Еркін ойын және ата-аналарға балаларды тапсыру | Еркін ойын және ата-аналарға балаларды тапсыру |
Мақсаттары
- Балалардың жас ерекшеліктеріне сай жан-жақты дамуын қамтамасыз ету
- Қоршаған әлем туралы алғашқы түсініктерін қалыптастыру
- Танымдық қызығушылықтарын арттыру
- Сенсорлық қабылдауын және ұсақ моторикасын дамыту
- Сөйлеу және байланыстырып сөйлеу дағдыларын жетілдіру
- Шығармашылық қабілеттерін дамыту
- Әлеуметтік-эмоциялық ортада өз-өзіне сенімді, белсенді, мейірімді тұлға қалыптастыру
«Жұлдыз» тобы
3-4 жас аралығындағы балаларға арналған қазақ тілінде оқытатын топ. Бұл топта балалардың танымдық, шығармашылық және коммуникативтік қабілеттерін дамытуға бағытталған оқу-тәрбие жұмыстары жүргізіледі. Сабақтар балалардың қызығушылығы мен жас ерекшеліктерін ескере отырып ұйымдастырылады. Бағдарламаға сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, логикалық ойлау, математика, сауат ашу негіздері, музыка, сурет, мүсіндеу, дене шынықтыру, табиғатпен танысу, еңбекке баулу және ойын арқылы оқыту кіреді. Сонымен қатар балалардың әлеуметтік бейімделуі мен өзін-өзі басқару дағдыларына көңіл бөлінеді. Топта тұрақты медициналық бақылау, психологиялық-педагогикалық көмек және күніне бес рет теңгерімді тамақтану қамтамасыз етіледі..
Күн тәртібі
| Уақыт | Дүйсенбі | Сейсенбі | Сәрсенбі | Бейсенбі | Жұма |
|---|---|---|---|---|---|
| 9:00–9:15 | Математика (логикалық ойындар) | Музыка | Жаратылыстану | Сурет салу | Дене шынықтыру |
| 9:30–10:00 | Таңғы ас | Таңғы ас | Таңғы ас | Таңғы ас | Таңғы ас |
| 10:00–11:00 | Серуен және табиғатты бақылау | Серуен және қозғалмалы ойындар | Серуен және тапсырмалар | Серуен және қозғалмалы ойындар | Серуен және табиғатты бақылау |
| 11:00–12:00 | Қазақ тілі (ертегілер мен ойындар) | Ағылшын тілі (сөздер мен әндер) | Қолөнер | Логопедиялық жаттығулар | Ертегі оқу және талдау |
| 12:00–15:00 | Түскі ас және ұйқы | Түскі ас және ұйқы | Түскі ас және ұйқы | Түскі ас және ұйқы | Түскі ас және ұйқы |
| 15:00–15:30 | Түстен кейінгі ас | Түстен кейінгі ас | Түстен кейінгі ас | Түстен кейінгі ас | Түстен кейінгі ас |
| 15:30–16:30 | Сахналық қойылымдар | Эксперименттер (қарапайым ғылым) | Қимылды ойындар | Ән айту | Құрастыру (LEGO, мозаика) |
| 16:30–18:00 | Еркін ойын және ата-аналарға балаларды тапсыру | Еркін ойын және ата-аналарға балаларды тапсыру | Еркін ойын және ата-аналарға балаларды тапсыру | Еркін ойын және ата-аналарға балаларды тапсыру | Еркін ойын және ата-аналарға балаларды тапсыру |
Мақсаттары
- Баланың тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру және өзіндік «Мен» ұғымын дамыту
- Байланыстырып сөйлеу, дұрыс дыбыстау, тілдік қорын молайту
- Ойлау, зейін, есте сақтау және қиял қабілеттерін дамыту
- Шығармашылық әрекеттерге қызығушылығын арттыру
- Қарапайым математикалық және тілдік білімдерді меңгерту
- Қоғамдық ортада өзін-өзі ұстау мәдениетін қалыптастыру
- Өз бетімен шешім қабылдауға, еңбекке және тәртіпке баулу
- Ата-аналармен ынтымақтастық орнатып, баланың даму процесін бірлесе бақылау
Орал қ., Кусепқалиев көшесі, 38-үй.


